Қайырлы күн, құрметті достар!

20 Қазан (14:10)

Қайырлы күн, құрметті достар!

Алдымызда келе жатқан 25 қазан «Республика күніне» орай Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжімізге белгілі тұлға, Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының жастар одағы сыйлығының лауреаты, Білім беру саласының құрметті қызметкері, дәстүрлі әнші Жақсыгелді Кемалұлы және танымал ұстаз, Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, ғалым –  Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов мырзамен кездесу өткіздік.

         Кездесудің басты мақсаты мектеп-интернат оқушыларын тек спортшы ретінде ғана емес, сондай-ақ жан-жақты болуына ықпал етіп, бойларындағы білімге, ғылымға, өнерге деген қызығушылықтарын артыру. Кездесу барысында құрметті қонақтарымыз өздерінің өмірлік сабақтарымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Алтын уақыттарын арнап, интернатымызға келіп құрметті қонақ болған ағаларымызға, сондай-ақ кездесуге арнайы келіп әсем әнін арнаған дәстүрлі әнші, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, ұстаз Дәуренбек Әркенов мырзаға алғысымыз шексіз.

         Елімізге еңбегі сіңіп, өз саласының саңлағына айналған тұлғаларды мектеп-интернатымызға қонаққа шақырып, оқушылармен кездесу өткізу біздің білім ошағымызда қалыптасқан дәстүр екені баршаңызға белгілі. Мектеп-интернатымызда білім алып жатқан оқушыларды жан-жақты дамытып, Еліміздің патриоты етіп тәрбиелеу алдыға қойған үлкен мақсаттарымыздың бірі екенін айтқым келеді.

 

 

 

 

Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ